Қызылорда облысынан сенаторды сайлауға 147 мәслихат депутаты қатысып жатыр
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына сайлау өтіп жатыр. Оған үш үміткер тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Парламенті Сенаты депутаты сайлауында облыстағы 147 мәслихат депутаты дауыс беру арқылы таңдау жасауда.
Депутаттыққа үміткерлердің орташа жасы - 54.
Айта кетсек, бүгін елімізде Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өткіізлуде.
Ал Сенат депутаттығына кандидаттардың толық тізімімен мына сілтеме бойынша өтіп, танысуға болады.





Фото: Қызылорда облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі