Қызылорда облысында 123 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 123 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өткен жылдың 22 қарашасынан бастап вакцинаның 2 турымен қамтылып, 6 ай аралық мерзімі өткен азаматтарға бустерлі дозасын егу қолға алынды. Бұл бойынша коронавируспен ауырған адамдарға да аталған мерзім бекітілген.

«Облыс бойынша ревакцинациялау қарқыны жаман емес. Елімізде алдыңғы қатарда келеміз. Өткен жылдың 22 қарашасынан басталған ревакцинациядан 123 891 тұрғын өтіп, вирусқа қарсы иммунитетін күшейтті. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 18 ақпандағы №11 Қаулысына сәйкес медициналық қызметкерлер, мүгедектігі бар адамдар және 50 жас пен одан асқан адамдарға Pfizer препаратымен ревакцинация жасауға рұқсат етілді», - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Ведомство мәліметінше, облыстағы барлық екпе кабинетінде ревакцинация, вакцинация жасауға екпе қоры жеткілікті.

Еске салсақ, Қызылордада жыл басынан бері 4 642 адам коронавирус жұқтырды.


Соңғы жаңалықтар