13:10, 26 Шілде 2017 | GMT +5
Қызылорда облысында 17 адам суға батып кетті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысындағы су айдындарында 17 адам, оның ішінде 4-уі бала (5 жағдай балық аулау кезінде, 12 жағдай суға шомылу кезінде) суға батып кеткен.

Бір мезетте екі адам қаза болу фактілері де кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Ауа райының күрт ысуына байланысты су айдындарында адамдардың шомылу саны көбейді. Олардың белгіленбеген жерлерде суға түсу фактілері аз емес. Өңірде суға шомылу маусымы басынан бері Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзған 43 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Суда орын алған қайғылы жағдайларға негізгі себептер судағы қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылуы, су айдындарының жабдықталмаған жерлерінде суға түсуі және кәмелет жасқа толмаған балаларды ата-аналардың қараусыз қалдыруы болып отыр.