Қызылорда облысында 4 тонна мұнайы бар КамАЗ тіркемесі аударылды
АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат - Кеше Қызылорда облысына қарасты Жосалы ауылында КамАЗ жүк көлігінің сыйымдылығы 20 текше метрлік мұнай тасымалдайтын тіркемесі аударылды,
деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан қоршаған ортаны 4 тонна мұнай ластап, төгілу аумағы 120 шаршы метрді құрады.
ТЖМ ақпаратына сәйкес, оқиға болған жердің топырағын шығару және ластаған жер телімін рекультивациялау «БИС» ЖШС-нің 18 маманы мен 1 техникасының күшімен жүргізілді.