Қызылорда облысында апатты жағдайдағы мектептер мәселесі биыл түбегейлі шешіледі
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облысында апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Осыдан төрт жыл бұрын мұндай білім ошақтарының саны 37 болған. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасының тікелей эфирінде өткен "Әкім сағаты" бағдарламасында айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Апатты жағдайда жұмыс істеп келген 37 мектептің 25-і 2013-2015 жылдар аралығында жаңаланды. Қалған 12 мектептің 8-і таяу күндері қолданысқа енгізіледі. Төрт білім ұясының құрылысы тамыз айында аяқталмақ. Осылайша облыста апатты мектеп мəселесі түбегейлі шешіледі.
Өңір басшысы атап өткендей, сонымен қатар ауылдағы мектептердің материалдық базасын нығайтып, инновациялық технологиялармен қамту жəне мұғалімдердің біліктілігін арттыруға баса мəн берілетін болады.