Қызылорда облысында ауаға оқ атқан адам ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысының полицейлері ауаға қарудан оқ атқан азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысында ауаға оқ атқан адам ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні Тереңөзек ауылында болғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Құқық бұзушы аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Сонымен қатар бейнежазбадағы көлік иесі де анықталды.

ІІО-ның есебінде жоқ газды қару тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр.