Қызылорда облысында аязға байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТЖК Қызылорда облысы бойынша ескерту жариялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Қызылорда облысында аязға байланысты ескерту жарияланды

«9 ақпанда Қызылорда облысында түнде температура 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді. Кей жерлерде 10-15 градус аяз болады», - деп хабарлады комитет сайтында.

Еске салсақ, бұдан бұрын хабарланғандай, 9-ы күндіз, 10 ақпан түнде Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28-ге жетеді,  желдің күші оңтүстік-батыста 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Таулы, тау бөктері аудандарында қалың қар түсіп, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, боран соғады.

Сондай-ақ 9, 10 ақпан түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с-қа жететіні ескертілген.