Қызылорда облысында бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облысында бірнеше инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға көңіл бөлініп отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың арасында ірі жобалар санатында Арал вагон жасау және әйнек шығару зауыт­тары саналады. Ресей-Қазақстан біріккен кәсіпорны негізінде құрылған бұл өндіріс орны теміржол вагондарын шығарумен айналысады. Оның жылдық жобалық қуаты 2500 вагон құрастыруға бейімделген. Кәсіп­орында 200 адам жұмыс істесе, оның тең жарымы Ресейде қайта дайын­дықтан өткен. Алдағы жылы кә­сіпорын қосымша 1000 жұмыс орнын ашуды көздеп отыр. Бүгінге дейін жоба бойынша 1,5 млрд. теңге игеріліп, 8 вагон шығарылды. Өнім үшін сәйкестік сертификаты алынды. Алайда, кәсіпорын бүгінгі таңда біршама қиындықтармен кездесіп отыр. Атап айтқанда, зауыттың жылдың аяғына дейін 300 вагон құрастыруға мүмкіндігі бар. Бірақ, ол үшін "Қазақстан темір жолының" тапсырысы қажет етіледі.

 Тағы бір іргелі жоба - «Eurasіa Float Glass» акционерлік қоғамының шыны шығару зауыты болып табылады. Жобаның жалпы құны 31,4 млрд. теңге құрайды. Ол жылына 146 мың тонна өнім шығарады. Термо­көлеңкелеу шынысын шығаратын зауыт өнімін республикада және одан тысқары жерлерде сату көзделуде. Зауытта 500 тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылыс 2010 жылдың 1 тоқсанында басталып, 2012 жылы аяқталады. Өндіріс орнын қажетті шикізатпен қамтама­сыз етуде қиындықтар болмайды. Бұл орайда Арал ауданындағы «Сарышоқы» кен орнында кварц құмын өндіру жөнінде келісімшартқа қол қойылды. Құмның баланстық қоры 7,3 млн. тоннаны құрайды. Бұл зауыттың 50 жыл бойы тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар