Қызылорда облысында бірнеше мектеп пайдалануға берілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Жаңақорған ауданының Мәшбек Нәлібаев және  Төменарық ауылдарында жаңа мектептер ашылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Арал, Қазалы аудандарында 3 жаңа мектеп бой көтердію
null
М.Нәлібаев ауылындағы мектептің ашылуына   Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы жолдауларында білім саласына  аса көңіл бөліп отыратындығын өздеріңіз білесіздер. Облыс көлемінде жыл сайын жаңа мектептер пайдалануға берілуде. Осылайша апаттық жағдайдағы мектептерді жоюға қол жеткізіп келеміз,- деді облыс әкімі.

Айта кету керек, мектеп 2000 жылы асар әдісімен салынып, оның құрылысына ауыл тұрғындары, мұғалімдер мен оқушылар атсалысқан. Кезек күттірмес шараларды қолға алудың нәтижесінде 300 орындық типтік жобадағы жаңа мектеп бой көтерді.

Дәл осы күні, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында  жаңа мектеп ашылып, оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысты. Білім ұясы 300 орындық және осыған дейін апаттық жағдайда болған. Айта кету керек, Жаңақорған ауданының өзінде биылғы жылы осы тәріздес  6 мектептің құрылысы жүргізілуде.
null 

Қызылорда облысында үш ауысымдық білім беру жүйесі жойылып, 3 пен 6 жас аралығындағы балалар балабақшамен қамтылды. Жыл соңына дейін апатты жағдайдағы мектептер санын толықтай шешу жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар
telegram