10:00, 25 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында биыл төтенше жағдайлардың құтқару топтарына 574 рет шақыру жасалды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Үстіміздегі жылы Қызылорда облысында үлкен су тасқыны орын алмағанымен, Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Оңтүстік өңірлік құтқару, судан құтқару және жедел құтқару бөлімшелеріне 574 мәрте шақырту түсіп,
жұрт өздерін су басып қалу қаупінен құтқаруды өтінген. Осыған байланысты 149 адам қауіпсіз жерлерге көшірілген. Сонымен қатар қыс айларында қар астында қалып қойған 3 автокөлік тартып шығарылған. Қызылордалық құтқарушылар есепті кезеңде Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 22 авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты. Осы операциялардың барысында 46 адам құтқарылып, 164 адам қауіпсіз жерлерге жеткізілді.