Қызылорда облысында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге жұмыссыздар жұмыс іздеуші мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылды, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Жәрмеңкеде Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Баян Төлегенова ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын және қажетті мамандықтарды оқу жөнінде жәрмеңкеге қатысушыларға түсіндірді. Жәрмеңкеде Қазалы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Г.Авезова өз саласы бойынша жұмыссыздарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, түрлі жұмысшылыққа және мамандығы бойынша жоғары және арнаулы орта білімді жұмыссыздарды жұмысқа шақырды.

Жәрмеңке барысында оған қатысушыларға 9 мекеме мен кәсіпорындардан, жеке кәсіпкерлерден 19 бос жұмыс орындары және Қостанай облысы бойынша 692 мекеме мен кәсіпорындардан 1183 бос жұмыс орындары ұсынылды. Алайда Қостанай облысына жұмысқа баруға өтініш білдірген жұмыссыздар болған жоқ.

Қорытындысында аудан бойынша 2 жұмыссыз ақылы қоғамдық негіздегі жұмысқа, 3 адам тұрақты жұмысқа жіберілді. Жұмыс беруші өкілдері және Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы, «Жастарды қолдау орталығы» және «Жас орда» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері жұмыс іздеушілердің сұрақтарына жауап беріп, бос жұмыс орындары туралы кітапшаларды таратып, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Соңғы жаңалықтар