09:10, 07 Шілде 2012 | GMT +5
Қызылорда облысында екі электр монтері 26 метр биіктіктен құлап, оқиға орнында мерт болды
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында, Сунақат елді мекеніне жақын жерде 6 шілде күні сағат 17:50-де иінді көтергіште монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде

«ҚҮЭЖК» (Қызылорда үйлестіру электр желілік компаниясы) АҚ-ның 35 және 39 жастағы екі монтері 26 метр биіктіктен құлап, оқиға орнында қаза тапты.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.