Қызылорда облысында ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы ауысты

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып Ербол Күзембаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 1974 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Қызылорда облысы бойынша кеден басқармасының кедендік сараптау және зерттеу қызметінің инспекторы ретінде бастап, Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде әртүрлі басшылық қызметтерді абыроймен атқарған.

Қаржы саласының майталманы ретінде әр жылдары Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда, Түркістан облыстары бойынша департаменті басшысының орынбасары болды.

2022 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар