Қызылорда облысында кеніштердің бірінде сыртқа мұнай ақты
АСТАНА. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат - Қызылорда облысындағы Ақшабұлақ кенішінде сыртқа мұнай ақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шілденің 15-інде сағат 12.00-де диаметрі 219 мм жоғары қысымды жерасты мұнай құбырынан мұнайдың сыртқа ағуы салдарынан жер бетінде 100 шаршы метр ауданға мұнай жайылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Төтенше оқиғаның салдарын жоюға Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен техникалары атсалысты.