Қызылорда облысында «конго-қырым қанды безгегі» күдігімен ер адам ауруханаға түсті
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні кешқұрым Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінің Қаратал елді мекенінде
аудандық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне «конго-қырым қанды безгегіне» шалдықты деген күдікпен 44 жастағы ер адам түсті.
Науқаспен қарым-қатынаста болған 18 адам (соның ішінде 5 бала) емдеу мекемесіне жеткізілді. Індетке қарсы шаралар жүргізілуде.