Қызылорда облысында құтырма ауруынан бір адам көз жұмды

None
None
None
ҚЫЗЫЛОРДА.11 қазан. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында құтырма дертіне шалдыққан адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. Келеңсіз оқиға 8 қазан күні 17 сағат 15 минутта Арал қаласында тіркелді. Бұл дертке осындағы Таушанов көшесінде тұратын 1956 жылы туған С. Айдаралиев шалдыққан. Ол «құтырма ауруына күдікті» диагнозымен аудандық жұқпалы ауруханасына жатқызылған. Ертеңіне, 9 қазан күні 16 сағат 50 минутта науқас «ІІІ дәрежелі құтыру» диагнозынан қайтыс болды.
Соңғы жаңалықтар