Қызылорда облысында күйеуін атып өлтіріп, денесін көміп тастаған әйел ұсталды

АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде еліміздің аумағында 347 қылмыс жасалды, оның  кезекті тәулік ішінде 298-і ашылды,

Қызылорда облысында күйеуін атып өлтіріп, денесін көміп тастаған әйел ұсталды

деп хабарлады Ішкі істер министрлігі Жедел басқару орталығының баспасөз     қызметінен.

Барлығы: 6 кісі өлтіру (ашылғаны-4), 4 қарақшылық (ашылғаны-3), 22 тонау (ашылғаны-12), 135 ұрлық (ашылғаны-102), 15 есірткі қылмысы тіркелді. 232 оқиға, оның ішінде: 35 жол-көлік оқиғасы, 50 өрт  тіркелді, жол  апаттарында 7 адам, өрт   оқиғаларында  1 адам қаза болды.

Полиция  қызметкерлері тамыздың 6-сында Қызылорда  облысы Қармақшы  ауданының Иіркөл  ауылында       31  жасар жергілікті тұрғын   әйелді  ұстады.    Ол әйел   шілденің 14-інде    ұрыс-керіс кезінде    күйеуін  (1964 жылы туған  азамат) атып өлтіріп,     денесін  жасырын көміп  тастаған. Әйелден тіркелмеген   16 калибрлі  «ИЖ-16»  аңшы қаруы   тәркіленді.