13:02, 29 Мамыр 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында қырым қанды безгегімен ауырған 44 жастағы ер адам сауығып шықты
АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат -Мамырдың 13-і күні қырым қанды безгегі диагнозымен Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген Шиелі ауданы Сұлутөбе елді мекенінің тұрғыны, 44 жастағы ер адам ауруынан жазылып шықты,
деп хабарлайды Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Дер кезінде көрсетілген емдеу-алдын алу шараларының арқасында мамырдың 28-і күні ауырған адам дертінен жазылып шықты», - делінген ТЖМ-нің баспасөз хабарламасында.