Қызылорда облысында медиация саласы бойынша меморандум жасалды (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Достық үйінде медиация кабинеті ашылды. Оның жұмысына заңгер мен медиаторлар тартылған. Бұл туралы облыстағы қоғамдық келісім хатшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Оған аймағымыздағы кәсіби және әуесқой медиаторлары, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары, өңіріміздегі ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Медиация қызметі саласындағы өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалының хатшылығы, облыстық прокуратура, әділет, ішкі істер департаменттері, білім басқармасы, судьялар одағы, адвокаттар алқасы, нотариаттық палата, «Медиаторлар одағы» қоғамдық бірлестігі, «Келісу» кәсіби медиаторлар одағы», «Tura Bi» медиация және сот әділдігін қалпына келтіру» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалдарының басшылары «Үлкен ел - Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында медиация арқылы даулы жағдайларды төмендетуде нақты істерге бірігу мақсатында өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды.
null null

Соңғы жаңалықтар