Қызылорда облысында «Мерседес» жүргізушісі суға батып кетті

АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Қармақшы ауданында «Мерседес» көлігінің есімі анықталмаған жүргізушісі Жаңадария арнасына аударылып түсті. Бұл кезде көліктің ішінде үш жолаушы отырған.

Қызылорда облысында «Мерседес» жүргізушісі суға батып кетті

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды. Жолаушылар судан өздері шықты. Жүргізушінің денесі ҚР ТДМ Қызылорда облыстық ТЖД-нің су-құтқару қызметі іздестіруде.