Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүретін болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жуырда «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі тағы бір игілікті істі қолға алды. Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркеуде тұрған жүріп тұруы қиын, бірінші топтағы 46 мүмкіндігі шектеулі азаматқа қоғамдық көліктерде тегін жүруге арналған куәліктер берілді, - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі аудандық әкімдікке сілтеме жасап.
None
None

Алдымен бірлестіктің жоба үйлестірушілері Әйтеке би кентінде тұратын бірінші топтағы мүгедек С.Шайховтың, Р.Букешованың отбасында болып, куәлік табыстады. Мұндай қайырымдылық іске риза болған олар жастарға ақ батасын беріп, алғысын айтты.

«Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұжымы өздеріне қолдау танытқан «Қазалы такси» ЖШС директоры Е.Оразаевқа алғысын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар