Қызылорда облысында прокурордың жаңа орынбасары тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. 8 қазан. ҚазАқпарат -  ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Қызылорда облысы прокурорының орынбасары қызметіне Руслан Райханов тағайындалды.
None
None

Р.Райханов 1978 жылы Алматы қаласында туған. Жоғары білімді заңгер. Қадағалау саласындағы еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы қаласында Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі, Астана қалалық прокуратурасының басқарма прокуроры, ҚР Бас прокуратурасында департамент бөлімінің прокуроры, аға прокурор қызметтерін атқарды. 2008-2011 жылдар аралығында кеден органдарында еңбек етті. Одан кейін прокуратураға қайтып оралды.

Бүгінге дейін Бас прокуратурада аппарат басшысының орынбасары - басқарма бастығы лауазымын атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар