Қызылорда облысында Самара - Шымкент автожолы барлық көліктерге жабылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Самара - Шымкент» республикалық автожолының Қызылорда облысындағы бір бөлігінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қызылорда өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты «Самара-Шымкент» тасжолының 1563-1702 шақырымын қамтитын учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды.
Бұл - Төретам ауылынан Жалағаш ауылына дейінгі аралық.