Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 26 шілде күндіз, 27-28 шілдеде   Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады

Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады.

Осыған байланысты, Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.