Қызылорда облысында соңғы 10 жылда халық саны 150 мыңға артқан

 ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылорда облысында соңғы 10 жылда халық саны 150 мың адамға артқан. Бұл туралы  Қызылорда облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева хабарлады.   

Қызылорда облысында соңғы 10 жылда халық саны 150 мыңға артқан

Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, өткен жылы Қызылорда облысында 17 мыңнан аса бала дүниеге келген. Соңғы он жылда облыста халық саны 150 мың адамға көбейіп, 2017 жылдың желтоқсанында 782,1 мың адамға жеткен.

«Олардың ішінде 136-сы егіздер. Осыған дейін статистика бойынша 1000 қыз балаға 999 ер баладан келетін. Былтыр дүниеге келген сәбилердің ішінде ер балалар көп болғандықтан 1000 қыз балаға 1004 ер баладан келді», - деді М.Баекеева.