Қызылорда облысында табиғатқа залал келтіргендерден 1 млрд. 207 млн. теңге өндірілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық прокуратурасы 2012 жылы қоршаған орта мен табиғаттан залал келтіргендерден 1 млрд. 207 млн. теңге өндіріп, мемлекет бюджетіне құйды.

Қызылорда облысында табиғатқа залал келтіргендерден 1 млрд. 207 млн. теңге өндірілді

Бұл туралы облыстық прокуратура басшылары өткізген брифингте айтылды.

Прокуратура жыл ішінде қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың қолданылуын қадағалау барысында біршама жұмыстар атқарды. Соның нәтижесінде 44 тексеру ұйымдастырылып, олар бойынша 71 ұсыныс, 5 наразылық енгізілді. 7 актінің күші жойылып, 52 адам әкімшілік, 44 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Табиғатқа зиян келтіргендерден 1 млрд. 207 млн. теңге өндірілді. Ал соның алдындағы жылы бұл мөлшер 193,8 млн. теңге болған еді.

Бұдан бөлек, қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру мақсатында сотқа 1 040 358 теңгеге 5 талап-арыз беріліп, олардың барлығы толығымен қанағаттандырылды.