Қызылорда облысында тамақтан уланғандардың 20-сы ауруханадан шықты
АСТАНА. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тамақтан уланғандардың 20-сы ауруханадан шықты,
деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Мамырдың 16-сындағы жағдай бойынша 20 адам ауруханадан шықты, олардың 3-еуі - балалар. Ал ауруханада 118 адам қалды, оның 15-і - балалар», делінген ведомствоның ақпаратында.
Естеріңізге сала кетейік, зардап шегушілер мамырдың 9-ы күні ас беру кезінде уланып қалған, сол күні 7 адам ауруханаға түскен. Мамырдың 9-ы мен 14-і аралығында олардың саны 138 адамға жеткен болатын, олардың 18-і - балалар.
ТЖМ мәліметтеріне сәйкес, қалған аурулардың жағдайлары қанағаттанарлық.