Қызылорда облысында тамақтан уланғандардың 95-і әлі де ауруханада
АСТАНА. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тамақтан уланғандардың 95-і әлі де ауруханада,
деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Мамырдың 21-індегі жағдайға сәйкес, Қызылорда облысындағы ауруханаларда тамақтан уланғандардың 95-і бар, оның 11-і - балалар. Емдеу және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде», делінген баспасөз қызметінің ақпаратында. Дәрігерлердің мәліметтері бойынша, аурулардың жағдайлары қанағаттанарлық.
Естеріңізге сала кетейік, зардап шегушілер мамырдың 9-ы күні ас беру кезінде уланып қалған, сол күні 7 адам ауруханаға түскен. Мамырдың 9-ы мен 14-і аралығында олардың саны 138 адамға жеткен болатын, олардың 18-і - балалар.