Қызылорда облысында тамақтан уланып ауруханаға түскендердің саны 91 адамға жетті - Төтенше жағдайлар министрлігі

СТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тамақтан уланып ауруханаға түскендердің саны 91 адамға жетті,
None
None

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Мамырдың 12-сіндегі жағдай бойынша, 46 адам, оның ішінде 9 бала - Сырдария аудандық ауруханасына, тағы екі адам Жалағаш аудандық ауруханасына жатқызылды.

«Ауруханада барлығы 94 адам жатыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық», - делінген ведомство хабарында.

Естеріңізге сала кетейік, зардап шегушілер мамырдың 9-ы күні ас беру кезінде уланып қалған, сол күні 7адам ауруханаға түскен.

Соңғы жаңалықтар