Қызылорда облысында тері аурулары өршіп тұр
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тері ауруларына шалдыққандар қатары көбейіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық тері-венерологиялық диспансеріне сілтеме жасап.
Былтыр 25 мыңға жуық адам диспансер көмегіне жүгінген. Оның 15 мыңға жуығы - ересектер болса, қалғаны жастар, жасөспірімдер және балалар. Мамандар мұның себебін қоршаған ортаның ластануы, ауа райының қолайсыздығы, желдің әсері, тағамдар сапасының төмендігі, газдалған сусындар кері әсерін тигізетінін айтады. Сондай-ақ, оған ас қорыту жүйесінің, өте жолдарының бұзылуы да бұған қосымша. Осының салдарынан дерматофития, саңырауқұлақ, безеу секілді аурулар орын алған.
Әділет Қаңтарбаев