Қызылорда облысында тікұшақ апатында қаза тапқандарды еске алды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылордада осыдан он жыл бұрын тікұшақ апатында қаза тапқандарды еске алды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысында тікұшақ апатында қаза тапқандарды еске алды

2008 жылдың 28 ақпанында облыс аумағындағы су тасқынынан қорғау мақсатындағы іс-шаралар барысында Сырдария өзені үстінен бақылау үшін ұшып өткен ҚР ТЖМ «Қазәуеқұтқару» ММ-нің «МИ-8» тікұшағы Жалағаш ауданы аумағына құлаған болатын. «МИ-8» тікұшағы апаты алты адамның өмірін жалмап кетті. Сол күні қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болғандар қатарында департамент бастығының орынбасары полковник Қазбек Төреманов, журналист Сағитжан Бермағамбетов, ұшқыштар Виталий Глазунов, Нұрлан Құмаров, Фахретдин Оңғарбаев және Ғалым Нұрмағамбетов бар еді.
null null 

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын тікұшақ апатынан мерт болғандарды еске алады. Қайғылы оқиға орын алған жерде орнатылған мемориалдық тақта алдындағы еске алу шарасы бір минуттік үнсіздік жариялаумен басталды.  Әруақтарға  арнап Құран бағышталды.

Бұдан соң Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен құрбан болған азаматтардың туыстары Жалағаш ауданында орналасқан «Ұрпаққа үлгі есімдер» мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойды. 

null