Қызылорда облысында тұтыну бағаларының индексі 103,7 пайызға өсті

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысы қазіргі таңда тұ­тыну бағалары жөнінен республика бойынша орташа деңгейде келеді.

Қызылорда облысында тұтыну бағаларының индексі 103,7 пайызға өсті

Облыстық статистика департаменті ұсынған мәліметтерге сүйенсек, 2009 жылдың желтоқсанындағы көрсеткішпен салыстырып қарағанда, 2010 жылдың мамырында тұ­тыну бағаларының индексі 103,7 пайыз құрағанына көз жеткізер едік.

Есепті кезең аралығында аймақта азық-түлік тауарларының бағалары - 4,2, ақылы қызметтер - 4,2, азық-түлік емес тауарлар баға­лары 2,4 пайызға артқаны белгілі болып отыр. Ал өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2010 жылдың мамырында 2009 жылмен салыстырғанда, 3,6 пайызға көтерілген.