Қызылорда облысында үй құрылысы комбинаты іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысында "РМЗ-Шапағат" ЖШС-ның үй құрылысы комбинатын іске қосты.

Қызылорда облысында үй құрылысы комбинаты іске қосылды

Құрылыс индустриясындағы тағы бір ерекше жоба - Қызылорда қаласындағы үй құрылысы комбинаты. Комбинат жылына 35 мың шаршы метр каркасты тақта үйлерін тұрғызады. Үй салуда комбинат сапалы әрі қауіпсіз неміс технологиясын пайдаланады. Біркелкі тұрғын үйлер тұрғызуды тоқтатып, тұрғын үй сәулеті мен фасадтарының тартымды болуына мән береді.

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің қатысуыңызбен «Үй құрылысы комбинатын» іске қосуға дайынбыз. Жобаны іске асыру үшін мемлекеттік бағдарламалар көмегімен қаржылық қолдау және лизингке шетелден құрал-жабдықтар алынды. Жылына 35 мың шаршы метр каркасты тақта (панель) үйлерін салатын боламыз. Бұл - құрылыс нысанын үнемді және қысқа мерзім ішінде аяқтауға септігін тигізеді. Құрметті Елбасы, жасалып жатқан қолдау мен қамқорлыққа ұжымның атынан үлкен алғыс білдіремін. Сізден комбинатты іске қосуға рұқсат сұраймын», - деді «РМЗ-Шапагат» ЖШС Бас директоры Мұратбек Жақанов.