Қызылорда облысында Жолдауды насихаттау жөніндегі ақпараттық-насихаттық топта елді мекендерге аттанып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында Елбасының биылғы жылғы халыққа Жолдауын насихаттауды жүзеге асыратын ақпараттық-насихаттық топтар бүгін алыстағы ауылдарға аттанып кетті.

Қызылорда облысында Жолдауды насихаттау жөніндегі ақпараттық-насихаттық топта елді мекендерге аттанып кетті

Бұл топтар биылғы жылғы 9 ақпанда облыс әкімінің өкімімен құрылған еді. Олар 8 аудандық, 1 қалалық топтардан тұрады. Топтардың құрамында облыстық басқармалар мен мекемелер басшылары, жоғары оқу орын­дарының өкілдері, ардагерлер, халыққа танымал тұлғалар бар.

Бұл ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Елбасының Жолдауын аса маңызды үш мемлекеттік бағдар­ламаға орай білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағытында насихат­тайды. Сондай-ақ Жолдауда атап көрсетілгеніндей, жұмыспен қамтудың жаңа жобасын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және халықты таза ауызсумен қамта­масыз ету бағдарламаларын жасап, қабылдау жолдарын қарастырады. Осы сапарларында топта облыстағы 200-ге жуық елді мекенді түгел қамтып шығады.