09:55, 17 Мамыр 2023 | GMT +5
Қызылорда облысында жүк пойызынан өрт шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» компаниясы Қызылорда облысы аумағында жүк пойызы локомотивінің өртену себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 16 мамырында Қызылорда-Жосалы учаскесінде жүк пойызының локомотиві өртенді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт аудандық өртке қарсы қызмет күшімен жедел түрде өшірілді», - деп атап өтеді «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметінен.

Компания мәліметінше, оқиға орнына қосалқы локомотив жіберілген.
Өрттің шығу себептерін анықтау жұмысы жүріп жатыр.