Қызылорда облысында жүрекке ашық ота жасау көлемі 20 пайызға ұлғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл жоғары мамандандырылған медициналық көмек ауқымының кеңеюіне орай, республикалық бюджеттен шамамен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде жүрекке ашық ота жасау 20%-ға, нейрохирургиялық операциялар саны 27%-ға, эндопротездеу саны 2 есеге дейін өсті. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады.
None
None

- Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап облыста  офтальмохирургиялық орталық ашылды. Жергілікті бюджеттен 90 млн. теңгеге жоғары диагностикалық құрал-жабдықтар сатып алынып, өткен жылмен салыстырғанда жасалған ота санының 2 есеге дейін өсуіне септігін тигізді. Облыста офтальмологиялық орталықта алғаш рет глаукомалық кабинет ашылып, 2000-нан астам  науқас глаукомамен есепке алынды.  Сынақ режимінде Байқоңыр қаласында облыстық медициналық орталықтың филиалы ашылды,- деді Ақмарал Әлназарова. 

Соңғы жаңалықтар