Қызылорда облысында жүргізуші екі жасар баланы қағып кетті - ТЖМ
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Мазда» автокөлігін басқарған 44 жастағы жүргізуші екі жасар баланы қағып кетті,
деп хабарлады бүгін, қаңтардың 27-сі күні ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы қаңтардың 26-сы күні Жаңақорған ауданы Жаңаарық тұрғын мекенінде орын алды. Машина дөңгелегінің астына түскен нәресте сол жерде мерт болды.
Ведомствоның баспасөз қызметі сондай-ақ қаңтардың 26-сынан 27-сіне қараған түні Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында «Қаламқас-Ақтау» автожолының 29-шы шақырымында тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алғанын мәлім етті. Мәселен, «Мицубиси» көлігінің 50 жастағы жүргізушісінің машинасы аударылып, 46 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Жүргізуші мен 32 жастағы тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.