Қызылорда облысында жыл басынан бері 187 адам алаяқтық дерегімен қолға түсті
ҚЫЗЫЛОРДА. 12 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында алаяқтық бағытындағы қылмыстардың көбейіп бара жатқаны байқалады. Бұл туралы кеше бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген баспасөз конференциясында Облыстық ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Ғани Тұрсекеев мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл 9 айда алаяқтық әрекеттері үшін 187 адамды ұстауға тура келген. Бұл деректердің 118-і, яғни 63,1 пайызы қыз-келіншектердің араласуымен атқарылған. Олардың да дені банктен аз өсіммен көп мөлшердегі ақша несие алып беруге уәде етіп, жұрттың ақшаларын алдап алып кеткендерден құралады.