16:46, 24 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыспен 91 адам жазаға тартылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында биылғы жылдың осы уағына дейін сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмысқа байланысты 91 адам жазаға тартылды. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда,
6 адамға артық. Үстіміздегі жылдың 8 айы ішінде осы сипаттағы қылмыстармен Қармақшы ауданында - 19, Жалағаш ауданында 11 адам құлып астына алынып, абақтыға жабылған. Осы көрсеткіштер аталмыш аудандарда өткен жылға қарағанда тиісінше 9 және 6 адамға көбейгенін байқатады. Пайыз өлшемімен айтқанда, мұндай қылмыстар Қармақшыда - 77,2, Жалағашта 83,3 пайызға көбейіп кеткен.