Қызылорда облысындағы апат: үш адам мерт болып, бесеуі зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында жол-көлік апатынан үш адам көз жұмып, тағы бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысындағы апат: үш адам мерт болып, бесеуі зардап шекті

Оқиға 4 наурыз күні сағат 00:30 шамасында «Қызылорда-Жалағаш» тасжолының Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылы тұсында болған. «Ваз-21214» маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Opel Vectra»-мен соқтығысқан.

Салдарынан үш адам мерт болды, тағы бес адам зардап шекті. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды.