Қызылорда облысындағы «Қоныс» кен орнында бір жұмысшы қаза тапты
ҚЫЗЫЛОРДА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда облысындағы «Сибу Қызылорда» ЖШС инженерлік бұрғылау компаниясының «Қоныс» кен орнында бір жұмысшы өндірістік жағдайда қазаға ұшырады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 1 маусым күні 02 сағат 40 минутта орын алған.
«Қоныс» кен орнындағы К-569 ұңғымасында ұңғыма шахтасынан сорғыны көтеру жұмыстары кезінде бұрғылау ұңғымасының жұмысшысы 1991 жылы туған Ж. Шахаманов ауыр жарақат алып, ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды», - делінген хабарламада.