Қызылорда облысының әкімі балалар ауруханасында болды

Сонымен қатар, неонаталдық хирургия және сәулелік терапия бөлімшелерінің жұмысымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда қаласында 300 орындық балалар ауруханасы өткен жылы ашылған болатын.
Сондай-ақ, Қырымбек Көшербаев «Балапан» бағдарламасы аясында салынып, 2014 жылдың шілдесінде өз жұмысын бастаған «Шағбан» инклюзивтік балабақшасына барды.
Тәрбиеленушілердің тезірек сауығуы үшін мұнда заманауи емдеу тәсілдері кеңінен қолданылады. Мысалы: аутизм және басқа да науқас балалар үшін «ТАМЕТИСТ» бағдарламасы, иппотерапия (жылқы арқылы емдеу) және т.б.
Балабақшадағы тәрбиеленушілерді облыс әкімі мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қамқорлықтары үшін балабақша қызметкерлеріне алғысын білдірді.
- Қызылорда облысында 5062 мүмкіндігі шектеулі бала болса, соның ішінде 2238 бала инклюзивтік біліммен қамтылған. Сіздер ата-бабамыздың дәстүрін насихаттап, балаларды атқа мінгізу арқылы сауықтырып қана қоймай, сонымен қатар үлкен өмірге жол ашып беріп отырсыздар. Біз «Шағбан» балабақшасының тәжірибесін облыс көлемінде насихаттап, қолдап, оның жұмыс аясын кеңейтуге мүдделіміз. Алдағы уақытта облыстық әкімдік тарапынан бұл жұмысты зерттеп, тәжірибенің әрі қарай жұмыс жасауына мүмкіндіктер жасаймыз, - деді облыс әкімі.