Қызылорда облысының әкімі сайлауда өз таңдауын жасады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев президент сайлауында №263 учаскеге барып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Бүгін еліміз үшін ерекше күн. Мемлекетіміздің жарқын болашағын айқындайтын бұл күнде әрбір азаматтың дауысы маңызды. Жерлестеріміз ел келешегі үшін бірлік танытып, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін», - деді Н.Нәлібаев.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аймақта 373 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Электорат саны – 482 934 адам.

Астана уақытымен сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген дауыс берушілердің 43,46% бюллетень алды.


Соңғы жаңалықтар