Қызылорда облысының әкімі соғыс ардагері Әбдірауық Сатыбалдиевтің үйіне барды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ардагер Әбдірауық Сатыбалдиевті Жеңіс күнімен шаңырағына құттықтап барды.
None
None

Қазан айында Әбдірауық ақсақал 92 жасқа толады. 1942 жылы ол Кеңес Әскері қатарына шақырылып, сержант шенін алады. Содан соң 361 дивизия құрамында Ленинградты азат етуге қатысты. 1945 жылы Жапонияда соғысқа қатысып, Хайлар қаласынан жеңіспен оралды.

Облыс әкімі ардагерді мерекемен құттықтады, зор денсаулық тілеп,  арнайы сыйлық тапсырды.

Айта кетейік, мамыр айының алғашқы жартысында Қызылорда облысында Жеңіс күніне арналған көптеген іс-шаралар өткізіледі. Атап айқанда, кітап көрмелері, интеллектуалдық ойындар, Қарттар үйінде соғыс туралы фильмдер көрсетіліп, ардагерлермен кездесулер ұйымдастырылады. Сондай-ақ 9 мамыр күні «Тағзым» алаңында әскери шеру өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар