Қызылорда облысының әкімі студенттерге 182 грант бөлді

Гранттар саны -182, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі
Оның ішінде педагогикалық техникалық, ауыл шаруашылығы, экономика және бизнес, қызмет көрсету энергетика салалары бойынша бакалавр академиялық дәрежесінде мамандарды дайындауға 162 грант, ҚР медициналық білім және ғылым ұйымдарында резидентура медицина кадрларын (гастроэнтеролог, офтольмолог, невропатолог, лор, неотолог, эндокринолог,анестизиолог-реаниматолог, кардиолог, нефролог, окулист, ревматолог, лучевая диагностика) даярлауға 20 грант бөлінді.
Үміткерлерден құжаттарды қабылдауға үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері арқылы жүргізіледі және осы бөлімдер арқылы облыс әкімінің гранты бойынша қажетті ақпаратты алуға болады.