Қызылорда облысының құрамасы ауыр атлетикадан өткен ел чемпионатында жеңімпаз атанды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында ауыр атлетикадан 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында қызылордалықтар13 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте ұлдар және қыздар құрамасы бірінші орынды жеңіп алды.
Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлдар арасында алтын жүлде иеленгендер:
62 келі: Ерболат Жоламанов 241 келі (110+131);
85 келі: Мейіржан Молдағали 290 келі (130+160);
94 келі: Рүстем Сыбай 340 келі (150+190);
Күміс жүлде иеленгендер:
62 келі: Айдос Тұрсынбай 249 келі (115+134);
77 келі: Ғалымбек Жұбатханов 266 келі (120+146);
85 келі: Нұржан Кеңесбек 263 келі (116+147);
Қола жүлде иеленгендер:
77 келі: Әділ Дөңсебай 257 келі (117+140);
94 келі: Әлішер Оразбек 246 келі (116+130);
105 келі: Марлен Жұмәділ 260 келі (115+145)
Қыздар арасында алтын жүлде иеленгендер:
58 келі: Зарина Заркумова 141 келі (63+78);
69 келі: Диляра Піржанова 182 келі (81+101);
Күміс жүлде иеленгендер:
48 келі: Әлия Қожахмет 98 келі (44+54);
63 келі: Надежда Осмаева 145 келі (63+82).
Қазіргі таңда спортшылар үстіміздегі жылдың 1-7 қазан аралығында Шымкент қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалуда. Бұл жарыс қараша айында Жапониядағы - Азия, сондай-ақ Малайзиядағы - Әлем чемпионаттарына спортшыларды іріктеу сыны болып табылады. Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебі, №1 облыстық олимпиадалық резерв мектебі және Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта тәлім алатын спортшыларды жарысқа Пак Вилорий, Арман Абдраев, Нұржан Смаханов және Алексей Герасев дайындады.