Қызылорда облысының Мәдениет басқармасының басшысына пара алды деген күдік келтіріліп отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы жеке кәсіпкерден объектіні кедергісіз қабылдап оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып беру үшін 1 млн. теңге көлемінде пара алу дерегімен күдіктенді.

Қызылорда облысының Мәдениет басқармасының басшысына пара алды деген күдік келтіріліп отыр

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Басқа ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялануға жатпайды.