Қызылорда облысының соты мен облыс әкімдігі медиация туралы меморандумға қол қойылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков пен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының қолдануын кеңейту және жан-жақты дамыту туралы өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Меморандумның негізгі мақсаты - халықтың дауларды баламалы тәсілдермен шешу сұрақтары бойынша құқықтық мәдениеті деңгейін көтеру.  

Кездесуде Қ.Көшербаев: «Бітімгершілік «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» секілді заңдарынан бастау алды. Бұл заңдар халықты сөзбен тоқтатып, талай қақтығыстың жолын алып, дау-жанжалдарға жол бермеген», - деді.

Меморандум дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының кеңейтуге, сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға бағытталған. Облыстық Достық үйінде медиация кабинеті ашылды», - деді Н.Қайырбеков. Ол меморандумның халық арасында бітімгершілік рәсімдерін таратуда өз септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.

Облыс әкімі облыстық соттың бастамасын қолдап, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін қосымша жағдай жасау мақсатында барлық басталған істерді сүйемелдеуге әзірлігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар