Қызылорда облысының спортшылары Таллинде өткен халықаралық турнирде жақсы өнер көрсетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Таллинде (Эстония) күрес түрлерінен жастар арасында «Таллин оупен» X халықаралық турнирі өтті.

Грек-рим күресінен сынға түскен облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері Айдос Сұлтанғали 60 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, 84 келіде Бағдат Үсенов қола жүлдені иеленді. Ал  74 келіде Айдос Мұхан 5-орынды еншілеп, шеберлігін шыңдады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жарысқа 20 елден 1800 спортшы қатысты.

Спортшыларды жарысқа грек-рим күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Виктор Юн, бапкерлер Қанат Көбегенов және Райымбек Ғабиден дайындады.
null null  

Соңғы жаңалықтар
telegram