«Қызылорда-Шымкент» ақылы жолы бойындағы елді мекендердің тұрғындарына жеңілдіктер болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қызылорда-Шымкент» ақылы жолы бойындағы елді мекендердің тұрғындарына жеңілдіктер болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «ҚазАвтоЖол» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Әліпов мәлім етті.
«Қызылорда-Шымкент» жолына биылдың соңына дейін ақылы жүйе енгізілмек. Қазіргі кезде жобалау-сметалық жұмыстар басталды. Бүгінде ақылы жүйе енгізілген Астана мен Бурабай аралығындағы жолдың бойындағы елді мекендердің тұрғындары үшін абоненттік төлем бар. Яғни, жылына абоненттік төлем жасап, сонымен жүреді. Біз енді ары қарай да осы жүйемен жасаймыз деген жоспарымыз бар. Атап айтқанда, «Астана-Бурабай» жолы тәжірибесінде жергілік тұрғындарға жеңілдіктер болады»,-деді Ұ. Әліпов.
«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, 2016 жылы «Астана-Атбасар» жолында жүк көліктері үшін, ал «Қызылорда-Шымкент» жолында барлық көлік түрлеріне ақылы жүйе енгізілмек.